Анықтаманың қызмет: +7 (7122) 355 320 | info@ritmoil.com

«Tengri Hotel» қонақ үйі

Қонақ үй Атырау қаласының орталығында орналасқан. Мұнда 60 бөлме бар, оның ішінде 14 апартамент, 4 екі адамға арналған бөлме және 42 стандартты бөлмелер. Бұл қонақ үйде, 3* санатты халықаралық стандартқа сай келетін қонақ үйлер қызметіне қызығатын, Аджип ККО жобасында жұмыс жасайтын, шетелдік фирмалардың қызметкерлері тұрады. Әсіресе, Италияндық бас аспаз жетекшілік ететін мейрамхана – меймандар арасында ерекше танымалдылыққа ие. Қонақ үйдегі бар – кездесу өткізуге немесе әріптестер және достарыңызбен демалыс өткізуге керемет жағдай туғызады. Ол үшін мұнда шараптар, сыралар және басқа да сусындардың кең сұрыпталымдары бар. Сондай-ақ, кең проекциялық экраннан спорт бағдарламаларын көріп, және аптаның жұма, сенбі күндері Атырау қаласының ең танымал музыкалық топтарының орындауындағы жанды дауысты әуенді тыңдап, рақаттана аласыз.