Қазақстан тұрғындарының айтарлықтай басым көп бөлігінің тұрмыс жағдайының өсуі – жылжымайтын мүлікке, соның ішінде қонақ үйлерге жеке қаржы салудың өсуіне себепші болып отыр. Дегенмен, қонақ үй басшыларының тәжірибесі мен мүмкіндігінің жоқтығы – оларға алынған коммерциялық жылжымайтын мүліктен тұрақты табыс табу мақсатында, кәсіби операторларды жұмысқа тартуға себепші. Франшиза - дайын, бизнес жүргізудің заңды түрде рәсімделген шешімдері, сонымен қатар, белгілі бір брендтің атынан сәйкес сыйақы үшін оқу және басқару құқығы.
"РитмОйл" ЖШС-і қонақ үй жылжымайтын мүлігінің басшыларына таңдауға және франшиза алуға келісім-шарт жасауға және/ немесе осы жылжымайтын мүлікті басқаруға көмектеседі. Соның ішінде, Ақсай қаласындағы «Жулдыз» қонақ үйі және Астана қаласындағы «Tengri» қонақ үйлерінің басқарушылығын «Цесна» бірлестігі үшін біз ұйымдастырған болатынбыз. Біз "КазСтройСервис" фирмасының шетелдік қызметкерлері тұратын, "Каспий Ойл Системс" компаниясына тиесілі, "Ритм" пәтерлерін басқарамыз. 2013 жылы "Worldwide international group" америкалық қонақ үйлер желісінің «Рамада» брендін Алматы қаласындағы "Салем Хотел Менеджмент" ЖШС қонақ үйінің қолдануы мақсатында келісім-шарт жасалды. "Аспан" корпорациясымен бірлесе отырып, қазіргі уақытта, ашылу салтанаты Астана қаласында болып өтетін ЭКСПО 2017 бүкіләлемдік көрмесінің басталуына орайласқан, қонақ үй аппараты жобасының құрылысына дайындық жүргізудеміз.