Анықтаманың қызмет: +7 (7122) 355 320 | info@ritmoil.com

Кэтеринг және вахталық қалашықтарды басқару.

«РитмОйл» компаниясы өзінің «Green Hotel» және «Hotel Tengri» қонақ үйлеріне жетекшілік етумен қатар, «Ritm Camp» және "Пундж Ллойд" вахталық қалашықтарында Аджип ККО (NCPOC) мердігерлік компаниялары үшін тұру және тамақтандыру қызметін көрсететін жұмыс ұйымдастырады. Сондай-ақ, біз "Consolidate Contraction Company" (ССС) компаниясы үшін 1800 адамға арналған үш мезгілдік тамақтану қосылған банкет ұйымдастырған болатынбыз. Сапалы түрде тамақтандыру қызметін көрсету бізге - “Agip KCO” компаниясының Атырау қ. Оқу орталығындағы қызметкерлері мен оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 2013 жылы өткізген тендерін жеңіп алуымызға мүмкіндік берді.

Басқару туралы келісімшарт.

Келісімді қарым-қатынасымыз бойынша, біз вахталық қалашықтарды және жеке меншік қонақүйлерді басқару бойынша толық спектрлі қызмет түрлерін ұсынамыз. Басқару үшін, біз жылжымайтын мүлік басқарудағы жалпы пайдадан және жасалған жұмыстардың көлеміне байланысты басқа да пайдалардан пайыздар өндіреміз, сонымен қатар біз сатылған бөлмелердің жалпы санының негізінде сатылымдардан және маркетингтік жинақтардан пайыздар аламыз.

Әдетте, біз басқару туралы келісімшарттарға 5-10 жыл немесе одан да көп жылға қол қоямыз, дегенмен барлығы клиенттердің / жеке меншіктердің орналасқан жері мен тұрпатына байланысты.