Компанияның басты жетістігі бұл – айтарлықтай табысты жұмыс тәжірибесі бар, біріккен кәсіпқойлар тобы болып табылады.
- Татиев Мурат Петрович, Бақылау Кеңесінің Төрағасы.
«Қаржы және несие» мамандығы бойынша экономикалық жоғары білімі бар. Фирманың құрылуынан бастап стратегиялық жоспарлау және ұйымдық – кадрлық басқару жұмыстарына жауап береді.
- Субашиш Шаха 23 жылдан астам уақыттан бері Үндістан және Қазақстанда қонақ үй кәсібін басқаруда, оның 12 жылында «Ритм Ойл» компаниясында қызмет атқарып келеді. 2010 жылы Шаха «РитмОйл» ЖШС-ның бас директоры болып, ал 2013 жылдан бастап компанияның тең құрылтайшысы боп тағайындалды.
- Исмагулов Руслан Бауржанович, 2001 жылдан 2010 жылға дейін бас директор ретінде компанияны басқарды. Қазіргі уақытта Компанияның Бақылау Кеңесінің құрамына кіреді. Бізге бәсекелік артықшылық беретін, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарына жауап береді.
- Елизарова Ольга Владимировна, жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар, компания құрылған сәттен кадр бөлімінің директоры болып қызмет атқарады, кадрлық жұмыстарды ұйымдастыруға жауап береді.
- Габдуллин Нурлан Имангазиевич, экономикалық ғылым кандидаты, компания құрылған сәттен қаржы директоры ретінде қызмет атқарып келеді, бухгалтерлік және басқарушылық есептерді ұйымдастыруға, сондай-ақ, банкілермен және "Даму" қорымен атқарылатын жұмыстарға жауап береді.
- Калимукашева Тамара Ермековна, 2003 жылдан бері кәсіпорынның бас бухгалтер қызметін атқарып келеді. Оның басшылығымен, компанияның бухгалтерлік және салықтық есептері автоматтандырылған 1 С платформасының негізінде енгізілді. Тиімді есептік саясаттың құрылуы – серіктестіктің табысты қаржылық қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды.
"Ритм Ойл" ЖШС-н басқарудың халықаралық басқарушылық стандарттарға сәйкес келетіндігін растайтын Сертификаты бар: ISO 9001:2008, №6338.