12 жылдан астам уақыттан бері «Ритм Ойл» ЖШС Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы компания қызметкерлеріне тұру және тамақтандыру қызметтерін көрсетумен маманданып келеді. Сол уақыттан бері компания қонақ үйлерлерге вахталық қалашықтарды салу, іске қосу және басқару саласында табысты тәжірибеге қол жеткізді. Осылайша, 2003 жылы 81 бөлмелі «Green Hotel» қонақ үйі тұрғызылып, қолданысқа жіберілді. 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласындағы «Жұлдыз» қонақ үйін иелендік. 2006 жылы Атырау қаласынан Тенгри қонақ үйін салғызып, кәсібімізді одан әрі дамыттық. 2007 жылы тұрғын ғимаратын алып, оны кеңселер үшін, «Honeywell» америкалық компаниясы және «Пундж Ллойд» үнді фирмасы қызметкерлерінің тұруы үшін қайта құрдық.
2007 жыл ішінде біз, Астана қаласындағы «Цесна» бірлестігі үшін «Тенгри» сауда маркасымыз арқылы қонақ үйді жабдықтап, пайдалануға бердік.
2009 жылы «Аджип ККО» мердігерлік компаниясының қызметкерлері үшін 450 адамдық «Ритм Кэмп» вахталық қалашығы салынды. 2010 жылдан бастап "Пундж Ллойд" үнді компаниясының тұрғын қалашығын басқарып келеміз.
2013 жылы "РитмОйл" компаниясы Аджип ККО оқу орталығы үшін тамақтандыру ұйымының тендерін жеңіп алды.
2016 жылы «Ритм Ойл» компаниясы NCOC.NV ұйымына тамақтандыру мен нысандарды басқару тендерін жеңіп алды.