Негізгі құралдармен қоса «Ритм Ойл» (жылжымайтын мүлік нысандары) квоталар және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат қағазына ие, өнеркәсіп-сауда палатасында (ӨСП) тіркелген «Тенгри» және «Грин Отель» сауда белгілерінің тіркеу туралы куәліктері, сонымен қатар қонақ үй бизнесін жүзеге асыруда қажетті лицензиясы бар.
Біздің барлық жылжымайтын мүлігіміз - Қазақстанның сақтандыру нарығында көшбасшы болып табылатын «Евразия» СК – да сақтандырылған.
Бейматериалдық активтердің маңыздысының бірі - орнықты, тұрақты ұлғаймалы клиенттік базасы болып табылады, соның ішінде:
"Паркер Дрилинг", "Сайпем", "Прайд Форасол С.А.", "Сичим С.п.А.", "Вагенборг", "FMC", "Петролеум Фасилитиз Е&C Лимитед", "Weatherford", "Бейкер Хьюз", "Сервисез Интернешнл Инк", "Бонатти", "BJ Services" , "PSN KazStroy", "Пундж Ллойд", "Дойтаг", «Парсенс", Корпорация "JGС- Marubeni", «ССС», «Лигабуе Центральная Азия», «Батеман», «Кентек» және тағы басқа ірі әлемдік компаниялар бар.
«Ритм Ойл» ЖШС – і, ҚР экономикасы дамуының басым саласы болып табылатын тиімді қонақ үй бизнесін ұйымдастырғанын ескере отырып, «Даму» мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту қоры банк несиесінің сыйақысы бойынша мөлшерлеме бөлігін қаражаттандырды.
Біз, серпінді түрде өркендеуімізге септігін тигізген - барлық жобаларымызға қаржы бөлген, инвесторлар мен банктердің сеніміне ие болғанымызды мақтан етеміз.